Мамандар: Ақтөбе облысындағы мал індетіне қатысты алаңдауға негіз жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар: Ақтөбе облысындағы мал індетіне қатысты алаңдауға негіз жоқ

14.02.2018

«Ақтөбе облысында тіркелген мал індетіне қатысты, дүрбелең туғызуға негіз жоқ. Созылмалы ауру бұған дейін де болды», - дейді облыстағы ветеринар мамандар. Естеріңізге салсақ, бруцеллез дертінің таралуына байланысты Ойыл ауданының Қаратал және Кемер ауылдарында карантин жарияланған болатын. 47 мың ірі қарадан қан алынып, оның 303-нен бруцеллез анықталған. Тұрғындар ауру малдарын қазір өткізіп жатыр. «Індет кез келген жолмен жұғатын болған соң, мал иелері бірден союға келісім бергені жөн. Кейін жұртқа өтемақы беріледі, оның 30 пайызын мемлекет, ал 70 пайызын мал сою пункттері төлейді», - дейді ветеринарлар. Ол үшін  бюджеттен 87 миллион теңге қаржы бөлінген.  

Кеңес Қанатбаев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

 - Шаруа қожалық иелері малды қан алуға түгел әкелмейді.

Хабарламаларға жазылу