Сыйлыққа құмар қызметкерлерге ескерту берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыйлыққа құмар қызметкерлерге ескерту берілді

14.02.2018

Шығыс Қазақстанда сыйлық алуға құмар мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралды. Мәселен, Өскемен, Семей қалалары мен Ұлан, Глубокое аудандарындағы бірнеше мемлекеттік мекемеге рейд ұйымдастырылып, ереже бұзғандар анықталды. Қызметін асыра пайдаланып, иіссу, қымбат ішімдік, сувенирлерді сыйлыққа алғандар тексеру екенін білгенде дереу бағалы бұйымдарды сыртқа лақтырып әуреге түскен. Мұндай рейд өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Сол себепті, айыптылар ескерту алумен шектелді. Егер тәртіпсіздік қайталанса, әрі сыйлық құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асса, әкімшілік, тіпті, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу