Қызылордада бастапқы төлемсіз-ақ пәтер алуға болады. Бұл мүмкіндік өңірдегі әлеуметтік осал топтар үшін жасалып отыр. Ол үшін «Орда» жол картасы әзірленді. Соның негізінде арнайы категориядағы азаматтар, көпбалалы және толық емес отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедектер, оралмандар алғашқы төлем жасамай-ақ баспана алады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есептік жиында айтты.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ