Анкарада Қазақстан мен Түркия іскер әйелдерінің бизнес форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада Қазақстан мен Түркия іскер әйелдерінің бизнес форумы өтті

15.02.2018

Алқалы жиынға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Хакан Чавушоғлы және қос елдің кәсіпкерлер палатасының белді өкілдері қатысты. Форумда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, туризмді дамыту мәселелері мен іскер әйелдер арасында ынтымақты нығайтудың жай-күйі талқыланды. Алқалы жиында Мемлекеттік хатшы еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі іскер әйелдердің  орны мен рөлін айрықша атап өтті. Мысалы, Қазақстанда шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 43%. Ал, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында олардың жаңа кәсіппен айналысуларына мол мүмкіндіктер ашылмақ. 

Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Қазақстан бизнесінің  басты мақсаты - өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, өзінің бизнесін ары қарай экспортқа шығарып, дамыта түсу. Осы таңда бүгінгі форумның маңызы ерекше. Себебі, біз бірнеше салаларды белгілеп отырмыз. Бізбен бірге елімізде табысты қызмет етіп жүрген іскер әйелдері келді. Осыған орай, біз жаңа технологияларды Қазақстанға алып келуді жоспарлап отырмыз.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу