Астанада №1 балалар үйінен өрт шығып, 1 адам зардап шекті. Қойма меңгерушісі ыстан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, ғимараттың үшінші қабатындағы қойма өртенген. Тілсіз жау аумағы 35 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға кезінде 10 бала мен 15 қызметкер эвакуацияланған. Өртпен күреске 8 техника мен 40 маман қатысты. Олар жарты сағат ішінде отты сөндіріп болған. Айта кетейк, бұл мекемеде барлығы 90-ға жуық бала тұрады.
Айгүл Айтқожина, №1 балалар үйі директорының орынбасары:
- Осы үшінші ғимаратта 11 бала тұрады. Оқиға кезінде олардың жартысы мектепте, жартысы ғимарат ішінде болды. Барлығын қауіпсіз жерге көшірдік. Ал, өрттің неден болғаны белгісіз. Сондай-ақ, оның шығынан да әзірге анықтамадық.
Дулат Жекебаев, қалалық Білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:
- Өрт қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертеңнен бастап ғимарат бөлмелерін қалыпқа келтіре бастайды. Өрт сөндіру қызметі жедел жұмыс істеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ