ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты үй мен балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты үй мен балабақша салынады

19.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 14 үй мен бір балабақшаның құрылысы басталды. Әр үйдің тұрғызу үшін қазынадан 450 миллион теңге бөлінді. Құрылыс осы жылдың соңында аяқталады. Осылайша, желтоқсан айында тұрғын үй кезегінде тұрған 450 отбасы баспаналы болмақ. Жаңа пәтерлер негізінен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға  беріледі. Олар: мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар және жаңадан отау құрған жастар. Демографиялық өсу қарқыны аса жоғары аймақта соңғы қырық жылдың ішінде алғаш рет осындай көлемде баспана салынуда. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы  бойынша биыл тағы бірқатар ауылдың тұрғындарына үй салу үшін  жер телімдері берілмек. Қазір бұл аймақтардың инфрақұрылымы жүргізіліп жатыр.

Қайрат Әбдуәлиев,Сарыағаш ауданының әкімі:

- Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ұшқын өңірінде 350 жер учаскесін беруге инфрақұрылым жүріп жатыр. Абай елді мекенінде және Бірінші мамыр елді мекенінде жалпы 750 отбасыға жер учаскесі беріледі. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу