Мұндай мәліметті «ЦАРКА» мониторинг жүйесі таратып отыр. Кибер-шабуыл жасалған сайттардың барлығы KZ домендік кеңістігінде орналасқан және «WordPress» платформасында жүзеге асып келген. 15 сайтты «mohamed.xo» лақап атын қолданушы бұзған көрінеді. Ал қалған 25-ін «Am!Ne» атты хакер өз мойнына алып отыр. Шабуылға ұшырағандардың ішінде «Алма-Ата» әдебиет үйінің, «EasyGo», «KazakhTour» компанияларының да сайттары бар. Әзірге кибер-шабуылдың қалай жасалғаны белгісіз. Ал, «ЦАРКА» сарапшылары «сайттардың қорғалу деңгейі төмен болған» деген бағасын беріп үлгерді. Сондықтан, олар веб-портал иелеріне кәсіби IT мамандарының көмегіне жүгініп, ақпараттық қауіпсіздік үшін дер кезінде плагиндерді жаңартып отыруға кеңес берді.
Альбина ӘШІМ