Жаттығу кезінде кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі өңірлік филиалының мамандары жоғары біліктілік пен шапшаңдық танытты. Республика бойынша апаттық құтқару қызметінің 13 бөлімшесі, 700 маманы бар. 85 жылдық тарихы бар аталған қызмет саласы бүгінде жанданған. Соның нәтижесінде Шығыс Қазақстанның кеніштері мен қауіпті өндіріс орындарында өткен жылы 36 дабылдық шақырту тіркеліп, 12 адам құтқарылса, биыл мамандар 3 адамның өміріне араша түскен.
Манарбек Мұқанов, құтқарушы:
- Құтқарушылар отрядында қызмет атқарғаныма 20 жыл болды. Өзімді бақытты сезінемін. Өйткені, өзімнің өмірімді емес, өзгенің өмірін арашалап қалу мен үшін бақыт. 20 жылдың ішінде 100-ге жуық адамның өмірін арашалауға көмектесіппін.
Айдана ДАЙЫРОВА