Қостанай қаласындағы екі көшенің атауы өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай қаласындағы екі көшенің атауы өзгеруі мүмкін

27.02.2018

Болашақта Авиацонный көшесі – Социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева атындағы, ал Қазақ көшесінің атауы шаһардың іргетасын қалаған азаматтардың бірінің құрметіне – Әбілсай деп аталады. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауында талқыланды. Бүгінде мән-мазмұны облыс тарихына еш қатысы жоқ көшелер қалада көп. «Ешкімге белгісіз, әрі дәуір үнімен үндеспейтін атаулардан гөрі, еліне еңбегі сіңген жерлестердің есімдерін ескергеніміз абзал», - деді жиналғандар. Былтыр облыс орталығындағы Таран, Герцен көшелерінің атаулары Тәуелсіздік және Қобыланды батыр болып өзгерді.

Қымбат Сұлтанова, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Кәмшат Дөненбаева заманауи жастарға адалдығымен, ашықтығын мысал ретінде келтіріп қоғамның игілігі үшін жұмыс істеді. Сондықтан да біз Авиационный көшесін Кәмшат апамыздың атымен атау жөнінде бастаманы қолдаймыз.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу