Алғыс айту – қазақ халқына тағзымның белгісі. Көктемнің алғашқы күні атап өтілетін мейрамға орай пікір алмасу алаңында бас қосқан жастар осылай дейді. Әсіресе, этномәдени орталық өкілдері үшін бұл датаның мәні бөлек. Ассамблея құрылған күні ресми бекітілген мереке тарихты жаңғыртып, бірлік пен достықты дәріптейді. «Алғыс тек сөзбен емес, іспен де жасалуы керек» десті сөз алғандар. Сондықтан, қайырымдылық шаралары да қолға алынбақ.
Шерзод Болатов, Астана қаласы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы:
- Алғыс күніне арнап, біз де қайырымдылық акциясын өткіземіз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен қарияларды көруге бірінші қадам басып, үлгі етіп көрсетеміз. Бұл күні біз, әрине, бүкіл қазақ халқына алғыс айтуымыз керек.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ