Іскер азаматтар өңірдің дамуына үлес қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іскер азаматтар өңірдің дамуына үлес қоспақ

01.03.2018

Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданының кәсіпкерлері жергілікті әкімшілікпен құны 123 млн.теңге болатын өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. 11 кәсіпорын басшылығы тарапынан бөлінген қомақты қаржы білім, денсаулық және әлеуметтік салаға бағытталып, түрлі мәдени шараларға жұмсалады. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, ғимараттарды жөндеуге бағытталады. Былтыр да ауданға 65,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Әсіресе, тау-кен саласындағы кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік-экономикалық қуаттануына айтарлықта үлес қосуда. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған игі шараларды кәсіпкерлер жалғастыруға ниетті. 

Юрий Овчинников, серіктестіктің бас директоры:

- Өткен жылы ауданға 32 млн. теңге инвестиция құйдық. Мұның сыртында облыста әлеуметтік салаға 750 млн. теңге қаржы бағыттадық. Биыл да осы мөлшерде көмек көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз.

Нұрлан Сыдықов, Жарма ауданының әкімі:

- Биылғы меморандум былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейіп отыр. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көтеріліп келе жатқандығын байқатады. Инвестицияны былтырғы көрсеткіштерден асып түсуге толық мүмкіндігіміз бар.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу