Астана әуежайының бір бөлігін су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайының бір бөлігін су басу қаупі бар

01.03.2018

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлім етті. Әуежайдың  Майбалық өзеніндегі аумағы су астында қалуы мүмкін екен. «Бұл аумақтан суды бұру үшін тиісті нысанды салу қажет», - деді ол. Жалпы Мәжілісте төтенше жағдайларды алдын алу мәселесі талқыланды. Еліміздегі сейсмологиялық станциялар жеткіліксіз, бар-жоғы 69 станция бар, бірақ еліміздің бүкіл сейсмологиялық белсенді аумағын қамтамасыз ете алмайды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда 15 мыңға жуық төтенше жағдай мен оқиға тіркелген. Одан 6400-ден астам адам зардап шегіпті. Дегенмен, төтенше жағдайларды жоюға 35 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу