Жасырын тергеуге қатысты ереже күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасырын тергеуге қатысты ереже күшіне енді

01.03.2018

Бүгіннен бастап азаматтарды жасырын тергеу амалдарына қатысты ереже күшіне енді. Сондықтан, халықаралық талапқа сәйкес, тұлғаларға бақылау жүргізілгендігі туралы алдын ала ескертіледі.

Алматы облысында басталған екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Конституциялық кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми осылай, деді.  Қайрат Әбдіразақұлының сөзінше, былтырдан бері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін барлық процестік іс-қимылдарды санкциялау құқығы соттарға берілген еді. Осыған сай, қазір Мемлекет басшысының Жарлығымен мамандандырылған тергеу соттары құрылып, жұмыс істеуге кірісті. Бұдан басқа, елімізде тұлғаларды сот санкциясынсыз ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарды. Ал, кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстамайды. 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу