Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет бата беруден байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет бата беруден байқау өтті

02.03.2018

Байқауға 45 пен 85 жас аралығындағы 22 адам қатысты. Мақсат – ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие, өнеге беру. Байқауға қатысқан ақсақалдар «қазіргі жастар бата мен тілекті шатастырады, бата беру ата дәстүріміз, сондықтан, бұл құндылықты бүгінгі жастар ерекше қадір тұтуы тиіс», - дейді. 

Сағынбек Ақанов, Өскемен қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Біз басқа да жарыстарды қолға алмақпыз. Мақал-мәтел жарысы, жыр-термелерден жарыс өткіземіз. Осылай ұрпаққа өнеге, үлгі көрсетпекпіз.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу