Ғылым мен өндірісті ұштастыру негізіндегі келісім екі жаққа да тиімді. Өндірістік инновациялық компаниясында технологиялық факультеттің филиалы жұмыс істейді. Онда студенттер озық үлгідегі құралдармен тәжірибесін шыңдаса, ал, іскер орта ғылыми жобаларды қолдануға күш салады. Сөйтіп, Елбасы Жолдауында айтылған кәсіпорындарды цифрландыруға зор мүмкіндік жасалуда. Осындай қарым-қатынастың арқасында келешекте тігін өнеркәсібін роботтандыруды көздейді.
Гүлнәр Игембаева, Өндірістік инновациялық компаниясының ғылым және технология жөніндегі директорының орынбасары:
- Астана қаласында тігін мамандығымен байланысты кадр тапшылығы өте жоғары. Жай тігіншіден бастап инженерлік-техникалық мамандардың да тапшылығы сезіледі. Мақсатымыз - жеңіл өнеркәсіп болсын, ІТ технологиясы болсын сол салаларда шығып жатқан жаңалықтардың бәрін өз өндірісімізге енгізу.
Бэла Өмірәлиева, Қазақ технология және бизнес университеті технологиялық факультетінің деканы:
- Балалардың инновациялық компанияға келіп жұмыс істегені бізге де жақсы.
Нысаналы ЫҒЫЛ