Осы жолы әділ шешім шығарылса, Бразилия Олимпиадасының төртінші алтыны Қазақстан еншісінде болмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алқа отырысында мәлімдеді. Министр «Астана» президенттік клубын қаржыландыру мәселесі бойынша да мәлімдеме жасады. Ол спортшылардың жалақысы төленбей жатқанын және қаржыландыру тоқтатылғанын растады. Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзінше, бұл жағдайда түсініспеушілік жетерлік. Сондықтан, оның анық-қанығын білу үшін ашықтық қажет. Жиында ведомство басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, отандық киноиндустрияның ілгері дамуын айтты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- 7 айдың ішінде барлық өңірлерде этномәдени экспедициялар ұйымдастырылып, далалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде 185 жалпыұлттық және 456 жергілікті деңгейдегі киелі жерлердің тізімі қалыптастырылды. Зерттеулердің нәтижесінде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 1 томы шығарылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ