Кәсіпкерлерге өз ісін тұрақты жүргізу үшін барлық жағдай жасау керек. Шағын және орта бизнесті дамыту - мемлекеттің басты мақсаты. Бүгін осы мәселе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Жиынға кәсіподақ өкілдері, бизнесмендер және қоғам белсенділері қатысты. Олардың айтуынша, кәсіпкерлік саласында жемқорлық мәселесі тыйылмай тұр. Құрылыспен айналысатын іскерлерден шағым көп түседі. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуда жемқорлық кең етек жайған. Сондықтан, мұндай жайттар салынып жатқан ғимараттың сапасына және мерзіміне әсер етеді. Мемлекет басшысы Парламентттің қос палатасының отырысында әрбір тұрғынға баспана қолжетімді болу керектігін баса айтқан еді. Сондықтан, бұл жоспарды жүзеге асыру үшін барлық кедергілерді жойып, «кәсіпкерлерге сапалы баспана салуға мүмкіндік беруіміз керек», - деп отыр.
Серік Төрегелдин, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы:
- Осы сфераны алғанда лицензия, анықтама алу керек. Оның барлығы жемқорлыққа әкеледі.