Биыл еліміз бойынша 530 шақырым жол салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміз бойынша 530 шақырым жол салынады

06.03.2018

Биыл елімізде жыл соңына дейін 530 шақырым жол салынады. Бұл туралы бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасының былтырғы жұмысын қорытындылау кезінде  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Жалпы, 2025 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Осы жол құрылыстарына негізінен отандық материалдар пайдаланылуда. Олардың үлес салмағы - 93 пайыз. Халықаралық талаптарға сай келетін маңызды жолдарды елдің игілігіне беру жалғасады. Болашақта олардың біразы ақылы жүйеге көшіп, қазына қаржысын еселей түседі. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Жалпы, 2020 жылға дейін ақылы жолдарды 6,5 мың шақырымға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол шамамен жылына 30 млрд. теңге табыс әкеледі. Ақылы жол жүйесін енгізумен қатар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу