Елімізде кәсіпкер әйелдердің саны артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкер әйелдердің саны артпақ

07.03.2018

Елбасы бастамасынан кейін кәсіп ашуға ниетті ауыл әйелдерінің саны артқан. Бұл туралы еліміздегі Іскер әйелдер кеңесінің баспасөз мәслихатында айтылды. Қазір Қазақстандағы жеке кәсіпкерлердің 47 процентін әйелдер құрайды. Ал, Елбасы айтқан шағын несие жаздан кешікпей қолға тисе, жоғарыдағы көрсеткіш күздің өзінде 50 пайыздан асуы мүмкін, - дейді кеңес мүшелері. Оған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нәзік жандыларға бизнестің әліппесін үйретіп, оқыту жұмыстарымен айналысады.

Әлия Байжанқызы, Атырау облысы өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Кеше Елбасы 20 млрд қосылып бөлінеді дегенде әйел кәсіпкерлер ерекше қуанды. Өйткені, ауылдағы, елді мекендегі адамдардың несие алуы өте қиын. Себебі, кепіл қоюға мүмкіндіктері жоқ. Осы шағын несиені алғаннан кейін ауыл бизнесі ерекше қарқынмен дамиды деп ойлаймын.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу