Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі қабатты үйдің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі қабатты үйдің құрылысы басталды

07.03.2018

Игі іске жергілікті кәсіпкерлер мұрындық болуда. Баспананы тұрғызуда кембағал жандардың талап-тілегі ескеріледі. 4 секциядан тұратын кешенде жатын бөлмесі, ас үйі, шеберхана мен медициналық кабинет орналасады. Құрылыс басында облыс әкімі бір топ кәсіпкермен бірге баспана іргетасына тілек капсуласын салды. Ғибратты сөздер жазылған болашаққа хат ел Тәуелсіздігінің 50 жылдығына дейін сақталмақ. Жалпы, өңірде сал ауруына шалдыққан 2 мыңнан астам бала бар. Оның 500-ге жуығы ерекше күтімді қажет етеді.

Хабарламаларға жазылу