Нұржан Әлтаев шағын несие беру тәртібін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Әлтаев шағын несие беру тәртібін түсіндірді

07.03.2018

Шағын несие тек кәсіпкерлік негіздерін оқып үйренгендер мен бизнесі  бар азаматтарға беріледі.  Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі Нұржан Әлтаев кіші кәсіпкерлерлікке арналған несие беру тетіктерін түсіндіріп берді.  Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында бұл салаға 20 миллиард теңге қаралған. Оған бұған дейін бөлінген 42 миллиард теңге қосылады. Осылайша,  биыл 60 миллиардтан астам теңге бизнеске жұмсалмақ. Несиені алу үшін кәсіпкерлік негіздерін оқып білгендігіңіз туралы  сертификат болуы қажет немесе қолданыста бизнесіңіз болуы керек. Бағдарлама бойынша қаржы ауылдық жерлерде 7 жылға дейін, қалаларда 5 жылға дейін беріледі. Несие алуға ниет білдіргендер кәсіпкерлер палатасының бөлімшелеріне  баруы қажет.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу