Мұхтар Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасалды

13.03.2018

Мұхтар Әблязовтың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйым деп танылып, оның жұмысына Қазақстан аумағында тыйым салынды. Енді қозғалыстың әлеуметтік желідегі жазбаларын бөлісуге, қолдап пікір қалдыруға болмайды. Мұндай желі қолданушысы экстремистік топты жақтады деген айыппен, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бас прокуратураның Әблязовқа қатысты жасаған мәлімдемесінде осылай делінген.

Мәлімдемеде ол қарапайым халықты билікке қарсы шақырып, елімізде бейбітшілікті бұзатын әрекеттерге барды деп көрсетілген. Бұдан былай, осы қозғалысқа қатысы бар кез келген адам заңмен жазаланады. Айта кетейік, қазіргі уақытта қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша Еуропаның бірқатар елінде Әблязовқа қатысты тергеу жүргізілуде.

Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Интернет желілер мен мессенджерлер, сондай-ақ, әртүрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы Әблязов белсенді түрде Қазақстанды қозғалысқа қосылуға шақырады. Қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күйлер қалыптастыруда. Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда. Қозғалыс басшысы Мұхтар Әблязов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты - билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қимыл ретінде қудаланады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу