Қалмұханбет Қасымов:  Әр арыз-шағымды жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалмұханбет Қасымов:  Әр арыз-шағымды жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамын

13.03.2018

«Әр арыз-шағымды жеке-жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамын». Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай деді.

Министр 30-дан астам қазақстандықтың мәселесін тыңдап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Арыз-шағымдардың көбі тәртіп сақшыларының қызметіне қатысты болды.

Солтаншәріп Сабырғали бала-шағасымен Қытайдан 2016 жылы көшіп келеді. Көші-қон заңына сай «сотталмады» деген бір бет қағаз болмаса, ол кезде азаматтық берілмейтін. Талапты орындап талай Қытайдан 4-түрлі анықтама әкелген.

Министр Қасымов қандасымыздың қағазбастылықтың құрбаны болғанын біледі. Еліміздің бас полицейі ақсақалға тығырықтан шығар жол тауып беруге септесетінін айтты.

Интерактивті тақта арқылы еліміздің бірқатар өңірінен азаматтар министрмен тікелей тілдесті. Қостанайлық Зәуреш Шыңғысованың үйіне 4 қаскүнем басып кіріп,  көз алдында ұлын пышақтап өлтірген. Сол төртеудің біреуі ғана қамауға алынған.

Министр бұл мәселе бойынша қалған күдіктілердің де жауапқа тартылатынын айтты. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған қабылдауға 30-дан астам адам қатысып, Ішкі істер министрінен жауап алды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу