«Теңізшевройлдың» даму жобасында қазақстандық үлесті 37 пайызға жеткізу көзделуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңізшевройлдың» даму жобасында қазақстандық үлесті 37 пайызға жеткізу көзделуде

19.03.2018

Еліміздегі ірі мұнай компанияларының бірі «Теңізшевройлдың» даму жобасында қазақстандық үлесті 37 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Зерттеушілердің пайымынша, алдағы  уақытта аталған көрсеткіш біршама ұлғаяды. Бұл туралы Атырауда өткен шетелдік инвесторлар мен ірі мұнай компанияларының өкілдері қатысқан конференцияда белгілі болды.

Басқосуда 350-ден астам отандық, 70 шетелдік компания өкілдері ашық пікірталас алаңында тәжірибе алмасты. Отандық үлесті арттыру үшін жер қойнауын игерушілер ғылым жетістіктері мен заманауи технологияларды  мемлекеттік келісімшарт негізінде тәжірибеге енгізуі тиіс. Осылайша, жұмыс өнімділігін арттыру жоспарланған.

Рашид Жақсылықов, Қазақстандық мұнай- сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы:

- 1 пайызының өзі 122 млрд. теңге. Бұл үлкен қомақты қаржы. Біздің бұл шарадан күтеріміз соны 37 пайызға жеткізу. Ол салық ретінде де басқалай тікелей түсім ретінде де біздің экономикаға үлкен көмек болар еді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу