Дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталған тағы бір құжат бүгін бекіді. Жоғарғы сот пен Кәсіподақтар Федерациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді осы құжат негізінде 17 қалада арнайы бөлімшелер құрылады. Ол жерде заңгерлер, нотариус қызметі және адвокаттар жұмыс істейді. Татуласу орталығында қызмет көрсетуші тұлғалар оқытылады. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына қызмет тегін көрсетіледі. Әзірше аймақтарда пилоттық жоба жұмысын бастайды. Ал, келер жылдан бастап барлығы толығымен белгіленген жұмыс тәртібіне көшеді. Дәл қазір еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешу жұмыстары Қызылорда облысында басталып кетті.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ