Қ.Тоқаеавтың төрағалығымен Дін лидерлерінің VI съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаеавтың төрағалығымен Дін лидерлерінің VI съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

19.03.2018

Бүгін Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаеавтың төрағалығымен Дін лидерлерінің  VI съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.  VI съезд 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада ұйымдастырылады. Өтетін уақыты оның 15 жылдығымен тұспа-тұс келеді. «Бұл мерзімде форум әлем қоғамдастығы тарапынан кеңінен мойындалды, Қазақстанның сыртқы саясатының танымал брендіне айналды»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әзірлік жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес, тиісті мекемелерге тапсырма берілді. Съезд Хатшылығының басшысы дінаралық үнқатысуға қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беруге және съездің құрметті медалімен марапаттауға, сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім мұражайының ашылуына байланысты мәселелерді мұқият пысықтауға шақырды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу