Аралды құтқару қорына ширек ғасыр толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аралды құтқару қорына ширек ғасыр толды

27.03.2018

Осыған орай Қызылордада ауқымды шара өтті. Жан-жақтан келген мамандар Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы ой бөлісіп, халықаралық қордың атқарған жұмыстарын саралады. Сондай-ақ, «Жоқтау....Жиырма жыл өткенде» атты деректі фильм көрсетілді. 25 жылда экологиялық ахуалды жақсарту үшін 140-тан астам жоба жүзеге асырылды. Елбасының қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасы бойынша Көкарал бөгеті салынып, Кіші Арал теңізі пайда болды. Халық ата кәсіппен қайта қауышты.

Қазір жылына 8 мың тонна балық ауланады. Су маржанын өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Экспорт көлемі 9 есеге артты. Нәтижесінде Арал аймағы тұрғындарының  әлеуметтік жағдайы түзелді. Енді   «САРАТС-2» жобасы жүзеге асырылса, ахуал тіпті жақсарады.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу