Айтулы шараға Мемлекет басшысы қатысады деп жоспарланып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған белсенді жас елордаға жиылды. Атырау облысынан 40 адамнан тұратын делегация келді. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, экономистер, ауыл шаруашылығы сияқты салалардың мамандарды бар. Сондай-ақ, съезге алыс-жақын шетелдерден де арнайы делегация келеді. Жастар Мемлекет басшысымен кездесіп, оның арнайы бағдарламасын тыңдайды деп күтілуде.
Нәзерке Кусесова, кәсіпкер:
- Атыраудан түрлі саланың мамандар келді. Жиында кәсіпкерлік мәселесі сөз болады. Оның ішінде арнайы бағдарлама қабылданады. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы бар.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/60014/)