Астананың өрт сөндірушілері қаладағы сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың өрт сөндірушілері қаладағы сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

28.03.2018

Кемеровадағы жағдайдан сабақ алуымыз тиіс. Бүгін Астананың өрт сөндірушілері қаладағы сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдымен кәсіпкерлер мен келушілерге төтенше жағдай кезіндегі алғашқы әрекеттері туралы айтып, арнайы нұсқаулық қағаздарын таратты. Сондай-ақ, әр ғимаратта міндетті түрде болатын өрт сөндіру құрылдарын өрт кезінде қолдану тәртібін жіті түсіндіріп, базар әкімшілігіне сақтық шараларын жиі өткізіп тұруды ескертті. Мұндай жұмыстар адам көп жиналатын орындарда жыл соңына дейін жалғасады.

Алмас Сүлейменов, Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Шығатын есіктерінің қай жақта екенін, жолдарын көрсетіп, өрт сөндіретін алғашқы құралдардың қайда орналасқанын, қалай пайдалану керектігін түсіндіріп жатырмыз. Бұл жұмыс бізде жыл бойы жүргізіліп отырады. Қазіргі жағдайға байланысты қайта жүргізіп жатырмыз.

Гүлмира Шерназарова, кәсіпкер:

- Әр ай сайын бізде өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріс болады. Мысалы, бізге мынадай қағаздар таратылады. Осыны оқып танысамыз. Сосын бізді қадағалап тұрады. Сондай-ақ, әр кәсіпкерде алғашқы өрт сөндіру құралы бар.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу