2020 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекенде сапалы интернет болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекенде сапалы интернет болады

28.03.2018

2020 жылға дейін Қазақстанның шалғайындағы барлық елді мекендер сапалы интернетке қол жеткізеді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес кезінде тиісті ақпарат айтылды. Биыл алғаш рет өткен кеңес кезінде 4 мәселе қаралды. Олар: ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі, БАҚ-мен өзара іс-қимыл және цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшу. Аталған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, қатысушылар талқысынан өтті. Басқосу барысында кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа мүшелер таныстырылды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу