Қытайға қой еті экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға қой еті экспортталады

29.03.2018

Қытай тарапы Қазақстанның тоғыз облысынан мұздатылған қой етін импорттауға дайын. Көрші ел таратқан ресми ақпаратты бүгін журналистерге Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары жеткізді. Олардың айтуларынша, қазір Қытайдың Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасымен әкімшілік және ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстары жүргізілуде. Бәрі сәтті өтсе, қой етін экспорттау, әзірге, тек теміржол арқылы, оның ішінде Алтынкөл мен Достық бекеттерінде жүзеге асырылады. Баға жағына билік араласпайды. Оны алушы кәсіпорын мен сатушы кәсіпкердің өздері бірігіп шешеді. Айта өтейік, алдағы уақытта Қытайға сиыр мен түйе етін экспорттау талаптарын уағдаласу бойынша келіссөздер қайта қолға алынады.

Тұрсын Қабдулданов, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- 2017 жылы ҚХР-нан Қазақстанның 5 кәсіпорны тексеріліп, олар ҚХР-ның реестіріне енгізілген. Бүгінгі күні мұздатылған қой еті бойынша Қазақстанның 9 облысынан 5 кәсіпорын арқылы Қытайға мұздатылған етті экспорттауға жол ашылды.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу