8 жасар мүгедек баланы өлтірген күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 жасар мүгедек баланы өлтірген күдікті ұсталды

30.03.2018

Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан мүгедек балаларға арналған интернаттағы 8 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды. Қазір аталған мекеменің тәрбиешісіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тергеу барысында ол баланы жөргекпен қылғындырғаны анықталды. Оқиға осы жылдың 21 наурызында болған. Тәрбиеші 24 наурызда ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды. Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. 

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Күдікті тұлға ұсталып, қазіргі кезде қамауға алынды. Қылмыстық тергеу Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бақылауына алынған.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу