Батыс Қазақстандағы инсулин жетіспеушілігі мәселесі толық шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстандағы инсулин жетіспеушілігі мәселесі толық шешілді

30.03.2018

Бұдан былай, мемлекет есебінен тегін берілетін дәрі-дәрмектерді науқастардың уақытылы алуы жіті қадағаланады. Бұған себеп те жоқ емес. Осыдан бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан балалардың инсулинсыз қалғаны туралы айтқан болатынбыз. Тегін дәріні таба алмай, препарат тапшылығына тап болған өңірге мәселенің мән-жайын білу үшін министрлік өкілдері бүгін арнайы барды. Баспасөз мәслихатында мамандар алдымен заңдағы кейбір өзгерістерді түсіндірді. Биыл «СК Фармация» мекемесі препараттың 1040 түрін сатып алған. Бұл елдегі медициналық ұйымдар қажеттілігінің 95 пайызын өтейді. Алайда, тендер кеш өткізілгендіктен орталықта бар дәрі облысқа дер кезінде жетпеген. Комитет төрайымының айтуынша, әр науқастың дәріні сатып алуға кеткен қаржысын қайтаруға мүмкіндігі бар.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы:

Ол үшін науқастар жазбаша түрде министрлікке немесе Денсаулық сақтау басқармасына өтініш қалдыруы керек. Әрбір факт жеке-жеке тексеріліп, шешім шығарылады. Егер дерек расталса ғана, нақты шара қолданылады.

Назерке ТОҒЖАН

Хабарламаларға жазылу