Әскери комиссариаттағы адам өлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери комиссариаттағы адам өлімі

02.04.2018

Талдықорғанның әскери комиссариаты ғимаратында жұмыс орнында Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы қаза тапты. Оқиға 31 наурыз күні таңғы сағат 8.00-дерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша департамент басшысы мен оның орынбасары өзара сөзге келіспей, жанжал шыққан. Әскери қызметкер өзінің басшысын ұңғылы мылтықпен атып өлтіріп, біраз уақыт тәртіп сақшыларына берілмей қарсылық көрсеткен. Оқиға болған жер қоршауға алынып, келіссөздер жүргізілген. Алайда, осы уақытқа дейін құзырлы орган өкілдері қайғылы жағдай туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартуда. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу