Кәсіпкерлер үшін құжат жұмысы жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер үшін құжат жұмысы жеңілдеді

02.04.2018

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алу жұмыстарын жеңілдетті. Тиісті құжат бүгін қабылданды. Бірақ, жаңа тәртіптегі жұмыс мамыр айынан басталады. Енгізілген жеңілдіктер қандай? Сатып алуға қатысушылар үшін анкеталық сұрақтар тізімі екі есеге қысқарды. Бұдан бөлек, 4 мың АЕК немесе 9,6 млн. теңгеге дейінгі сатып алулар біліктілік бойынша іріктеу кезеңінен босатылады. Бұл сатып алулар көбіне шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық талаптар жалпы, кез келген адамның сатып алуларға қатысуға мүмкіндігі бар. Қазіргі іріктеуден өткен 2600 компания жаңа ереже бойынша сатып алуға қатыса алады. Тағы мыңға жуық компания іріктелу үстінде. 

Қайнар Тайжанов, «Самұрық-Қазына контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Жалпы бұл өзгерістер мамыр айында енгізіледі. Десе де, біздің бизнес өкілдері дайын болу үшін бүгіннен бастап өзгерістердің барлығын қолдана алатындай жасап отырмыз.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу