Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз халқымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз халқымен кездесті

03.04.2018

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз ауданында тасқын судан зардап шеккен халықпен кездесті. Аудан жұртшылығымен жиналыс өткізгеннен кейін халық қалаулысы бір күнде 120 тұрғынды қабылдаған. Онда айтылған мәселенің дені қарғын судан бүлінген баспана жайы. Нұртай Сабильянов табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың әрқайсымен кездесіп, мәселеге қанықты. Бүгінде олардың бірқатары баспаналы болған. Ауданға еліміз бойынша гуманитарлық көмек әлі де жеткізілуде. Халықпен кездесуде депутат өңірдегі ахуалдың бақылауда екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, ертеңгі күнге сенім артқан аягөздіктерге өмірлік маңызы бар әлеуметтік бастамалар туралы түсіндірді. «Әсіресе, табиғи апаттан зардап шегіп, қамкөңіл жұрт үшін үлкен демеу», - дейді депутат.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі кезде көптеген жастар ақылы топтарда оқып жүр. Студент жастардың көбі жатақханамен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан да, Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасында көрсетілген жастарға деген қамқорлық, оның ішінде мемлекеттік гранттарды 20 мыңға көбейту студенттерге үлкен қолдау.

Хабарламаларға жазылу