Елімізде соңғы уақытта суицид деректері азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы уақытта суицид деректері азайған

03.04.2018

Балалар арасындағы суицидті болдырмау үшін бала тәрбиесіне көңіл бөлген жөн. Алматыда бас қосқан мамандар осыны айтты. Олардың сөзінше, былтыр елде 154 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаса, жыл басынан бері 25 бала өмірін қиған. Десек те, психологтар соңғы уақытта суицид деректері азайғандығын алға тартты. Мәселен, 2008 жылы 300-ден аса жас бала қыршын кеткен. Сол тұста жасөспірімдер суицидінің алдын алу жобасы әзірленді. Соның нәтижесінде суицид жасауға асыққандардың саны 35 пайызға төмендеген. Алайда, қауіп әлі де жоқ емес.   

Ерлан Айтмұхамбетов, қоғамдық қордың жетекшісі:

- Ата-ана жиналысқа келген кезде мұғалімнің немесе психологтың тарапынан өзінің баласы туралы ескертулер немесе басқа да шағымдар естімейді. Керісінше, ата-анаға көмек көрсету үшін жасалады. Ата-анаға мүмкіндігінше барынша ақпарат беру және олардың балаға деген жұмыс істеу дағдыларын көтеруге үйретеді. Бүгінгі күні бұл жоба Алматы қаласында ғана енгізіліп отыр. Болашақта оны Қазақстанның басқа өңірлеріне де енгізуді жоспарлап отырмыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу