ШҚО-дағы көктемгі тасқын суға қарсы іс-шаралар жүргізуге шұғыл түрде 2 млрд. теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы көктемгі тасқын суға қарсы іс-шаралар жүргізуге шұғыл түрде 2 млрд. теңге бөлінеді

03.04.2018

Бұл туралы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Қазір облыстың 4 ауданында табиғи сипаттағы төтенше жарияланған. Жүздеген үй су астында қалды. Бұқтырма су қоймасы мен Ертіс өзеніндегі мұздың қалыңдығы 2 метрге жуықтаған. Соның салдарынан өзен суы арнасынан асып, маңайдағы елді мекендерге қауіп төндірді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов көктемгі су тасқынына қарсы тұру үшін Үкіметтен 4 млрд. теңге қаражат сұратты. Бірақ, дәл қазір 2 млрд. теңге бөлуге нақты шешім қабылданды.  

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Үкімет тарапынан қажетті көмектің барлығы көрсетіледі. Даниал Кенжетайұлы, Сіздің жазған хатыңыз келіп түсті. Қосымша қаражат көзі бөлінетін болады. Көмек ретінде 2 млрд. теңге облысқа сұралды. Бақыт Тұрлыханұлы, шешімдерді шұғыл түрде дайындаңыз. Асқар Ұзақбайұлы, жалпы республика бойынша күрделі жағдайдың бәрі Сіздің бақылауыңызда. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу