Атақты ғұламаның тағылымы таразыланатын жиынға әлемнің әр қиырынан қоғамдық және жаратылыстану салаларының мамандары келді. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған шарада қозғалатын тақырыптардың ауқымы айтарлықтай кеңейген. Өйткені, әл-Фараби бабамыз дүниедегі барлық ғылым туралы еңбек жазған. Мәселен, ойшылдың музыка туралы «Үлкен кітап» деп аталатын зерттеуі, сыйқырлы әуенді құдірет санайтын адам баласына ортақ рухани қазына. Сондықтан, жыл өткен сайын ғалымның трактаттарын зерттеушілер қатары көбейіп келеді.
Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:
- Қазіргі уақытта әл-Фарабидің мұрасы, әл-Фарабидің үлкен идеясы, концепциясы өте маңызды. Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» деген үлкен еңбегі бұл қазіргі заманда өте маңызды тақырып болып отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ