«Каспий құбыр консорциумы» жұмысын қорытындылап есеп берді. 2001 жылы іске қосылған жоба осы уақытқа дейін 500 миллион тонна «қара алтынды» сыртқа тасымалдаған. Бір жылдың ішінде ел бюджетіне 22 миллард теңге салық төледі. Ірі кен орындарының өнімін Ресей аумағы арқылы Қара теңізге шығарып, әлем елдеріне экспорттау үшін жол ашатын компания модернизациялау жұмыстарын аяқтаған. Биыл жоба толық қуаттылығына еніп, барынша тиімді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Қайыргелді Қабылин, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директорының орынбасары:
- Құбырдың қуатын күшейту өткен жылы желтоқсанда бітті. 2016 жылы Қазақстаннан 44 миллион шығарылды. 2017 жылы 50 миллион шығарылды. Биылғы жылы 60 миллион шығаруды жоспарлап отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ