Басшысын атып өлтірген орынбасарына қатысты соттың санкциясы шығып, ол қамауға алынды. Естеріңізге салайық, сенбі күні Талдықорғандағы әскери комиссариатта қайғылы оқиға тіркелді. Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы жұмыс орнында қаза тапқан. Қазір қылмыстық іс жергілікті жердің әскери тергеу басқармасында қаралып жатыр.
Еркін Қожа-Ахмет, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі:
- Бұл жасалған қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен яғни, адам өлтіру бабымен сараланып, қазіргі кезде әскери тергеу органдарының ІІМ-нің өндірісінде болып отыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Нысаналы ЫҒЫЛ