Қазақ тілінде жүз оқулық әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілінде жүз оқулық әзірленеді

05.04.2018

«100 жаңа есім» жобасы биыл да жалғасады. Бұл туралы «Модернизация 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Жиында 12-ші сәуір күні жарияланғанына тура бір жыл болатын «Рухани жаңғыру» аясында атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, алда жүзеге асырылатын жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, ғалымдар қазақ тілінде жарық көретін «100 оқулық» жобасын талқылап, оқулықтардың мән-мазмұнына қатысты пікірлерін білдірді. Салмақты ой-пікірлер кітаптарды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Бір жылдың ішінде жеткен қандай жетістіктеріміз бар, қандай нәтижеге жеттік, қандай жобалар жүзеге асып жатыр, оны жүзеге асыруда қандай мәселелер бар? Соны талқылап жатырмыз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу