Рудный қаласына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары жоғары білім беру мекемелерінде болып, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы туралы кеңінен баяндады. Халық қалаулылары Рудный индустриалды институтының ахуалымен танысты. Мектеп түлектерінің көбі гранттан үмітті. Олар үшін тағы бір мүмкіндік - биыл тағы 20 мың гранттың бөлінетіні. Солардың тең жартысы техникалық мамандықты меңгергісі келетін студенттерге бұйырмақ.
Сондай-ақ, биылдан бастап өңірде 270 орындық жатақхана құрылысы қолға алынады. Ал, республикада 77 мың студентке арнап жатақхана салу жоспарда бар.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әрбір бастаманы Елбасы әбден өлшеп көпшілікке паш етті. Бұл бастамалардың бәрі де қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған және солай болады дегенге сенеміз. Халықтың жақсы қабылдап отырғандығын айтқым келеді.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ