Бүгін Еуразия Ұлттық университетінде жаңа салық заңнамасын талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Экономика саласының майталмандары өзара маңызды сұрақтарды саралап қана қоймай 2020 жылы жүзеге асатын жалпы декларациялау барысын жастарға түсіндіріп өтті. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлескен шараны болашақта жиі өткізу көзделіп отыр. Бұл бірінші кезекте университетте есеп және аудит саласында оқып жатқан кадрлардың сапасын арттыруға да өз үлесін тигізбек.
Ләззат Бейсенова, экономика ғылымдарының кандидаты:
- Мемлекеттік кіріс комитеті қызметкерлерін дәріс беруге шақырып жатырмыз және бірлескен оқу құралдарын жариялайық, білім алушылардың практикалық жағдайын жетілдіру мақсатында осындай шаралар өткізіліп жатыр.
Елдос САПАРҒАЛИ