Атырау қаласының 57 жастағы тұрғынын түлкі тістеп алды. Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Тосыннан келген жыртқыш азаматтың аяғын тістеген. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар түлкіні торға түсіріп, сақтық шараларын жасаған. Кейін жыртқышты өлтіріп, бас сүйегін зертханаға жіберді. Ал, жарақат алған тұрғынға вакцина салынды. Жағдайы бірқалыпты.
Нұролла Сәтенов, Атырау қалалық ветеринария бөлімінің басшысы:
- Құтырмаға қарсы тексеру үшін лабораторияға материалдарды тапсырдық. Қалған түлкінің дене бөліктерін спецавтобазаға апарып, өртедік.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ