Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған халықаралық конференция өтті

09.04.2018

«Рухани жаңғыру: Тұлға тағылымы». Осындай атаумен қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қатысушылар ғалымның ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгімелеп, оның геология саласына сіңірген еселі еңбегін жастарға үлгі етті. Академиктің бастамасымен Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, Қазақстанның металлогения мектебінің негізі қаланды. Ал, Балқаш, Мұғалжар, Торғай, Қостанай және Жезқазған өңіріндегі кен орындарын игеру Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі шара Қаныш Имантайұлының 12 сәуір – туған күніне орай ұйымдастырылды.

Базарбай Алтаев, Қ.Сәтбаев мемориалды музейі қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Бүгінгі іс-шараға жастар өте көп келді. Соның ішінде геологияға өмірін арнап, осы салада білім алып жатқан жастардың қатысқаны мені өте қатты қуантты. Бұл дегеніңіз біздің ғылым болашақта қайта жаңғырып, дами береді. Солай деп түсіну керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу