Ресей Қазақстанның ЭКСПО көрмесін өткізудегі тәжірибесін жоғары бағалайды. Бүгін еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленовпен кездесуде «Екатеринбург-2025» халықаралық көрмесін таныстырған ресейлік меймандар осылай деді. Кездесу кезінде былтыр Астана төрінде ұйымдастырылған көрменің жоғары дәрежеде өткені айтылды. Ресейлік делегация мүшелерінің ойынша, халықаралық маңызы бар жиындарды ұйымдастырудағы Қазақстанның тәжірибесі - Ресей үшін таптырмас олжа. Екатеринбург қаласы ұсынған жоба өз ауқымы жағынан ерекше болмақ. Көрменің жалпы аумағы 555 гектар. Ұйымдастырушылардың қазіргі есебі бойынша халықаралық шараны 37 млн. адам келіп көруі тиіс.
Ғабит БӨКЕНБАЙ