Бетперде киген екі адам ғимаратқа баса көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытқан. Сөйтіп, 3 миллион 900 мың теңге, 950 доллар, 2 мың 650 еуро, 120 мың Ресей рублін алып, дереу ізін суытқан. Полиция қазір күдіктілерді анықтау, оларды ұстау шараларын жүргізіп жатыр.
Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
- Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ