Атырауда мұнай-газ саласына сандық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған форум өтті. Айтулы шарада «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына негізделген бірегей жобалардың тиімділігі сөз болды.
Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен өткен форумға 200-ден астам делегат қатысып, өз ұсыныс-тілектерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, «ЕмбіМұнайГаз» базасына тиесілі Уаз кен орнында «Сандық кең алаңы» пилотты жобасы іске қосылып, тиімділігін дәлелдеген. Нәтижесінде электр қуатын қолдану ауқымы 35 пайызға азайған.
Жалпы алғанда әлемдік мұнай-газ саласы интеллектуалды кен орындарын құруға алдағы 5 жылда 1 млрд. доллар қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ