Ақпараттық қауіпсіздік басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық қауіпсіздік басты назарда

11.04.2018

Ақпараттық қауіпсіздік әркез басты назарда болуы тиіс. Алматыда «Халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты алқалы жиында отандық мамандар осыны айтты.    

Жиынға әлемнің әр қиырынан танымал журналистер келіп, пікірлерін ортаға салды. Жалпы, қазір Қазақстанның журналистері Жер шарының кез келген нүктесінен ақпарат таратып, еркін жұмыс істей алады. Сондықтан, әлемнің озық отыздығына ұмтылған Қазақстанның ақпараттық кеңістігі кеңейіп келеді. Алайда, кибер шабуылдар мен жеке қауіпсіздік тәуекелдерін әрдайым назарда ұстаған жөн. «Себебі, ақпараттық қоғамның әр алуан қауіп-қатерлерін бақылауда ұстамаса, бұл қоғам назарын басқа арнаға бұрып жіберуі ықтимал», - дейді сарапшылар.

Назгүл Шыңғысова, филология ғылымдарының докторы:

- Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл пост шындық. Фактчекинг. Содан кейін қазіргі журналистердің бойындағы құзіреттілік қандай болуы керек? Әсіресе, халықаралық деңгейде қызмет атқаратын журналистердің.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу